Ассаламуалейкум! Қан тапсырса дәрет бұзыла ма? Аяу.
Қан тапсыру дәретті бұза ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қан тапсыру деген – қанның ағу арқылы сыртқа шығуы болып саналатындықтан, қан тапсыру да дәретті бұзады. Қан тапсырған кісі намазға тұратын кезде дәретін жаңалағаны жөн. Бұл - Ханафи мәзхабы негізінде айтқанда. Ал Шәфиғи мәзхабында қан тапсыру дәретті бұзбайды. Енді осы орайда, кейбір оқырман "мұндағы қан шприцке толады, сыртқа ақпайды, сол себепті дәрет бұзылмаса керек" деуі мүмкін. Ондай сауалға былай деп жауап беруге болады: Ескі ханафи фиқһ кітаптарында: "Егер сүлік адамның бір ағзасынан қанын сорып, іші қанға толса, дәрет бұзылады" делінген. ("Фәтәуәл Һиндия", 1\13). Шприцтің ішіне қанның толуы мен сүліктің ішіне қанның толуы арасында айырмашылық жоқ.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?