Поезда ғұсыл бұзылса, сүлгіні сулап денені сүртіп шығу керек дейді, оған не дейсіздер?
Поезда ғұсыл бұзылса, сүлгіні сулап денені сүртіп шығу керек дейді, оған не дейсіздер?
25 күн бұрын 1629 фото: ru.sputnik.kz

Ассаламуғалейкум! Сізге бір жекеше сұрақ қойсам қарсы емессіз бе?!Пойызда ғұсыл дәрет бұзылса біз тайамум аламыз ба, әлде достарымның айтуы бойынша ғұсыл алуға да мүмкіндік бар, полотенце (шашық) қолданып оны сулап денеңді сүртіп шыға аласың дейді, бұл бойынша ойыңыз қалай?

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Поезда ғұсылы бұзылған мұсылман, мүмкін болса, поезд тоқтағанда жер жынысына жататын таза затқа (мысалы, бетон, тас т.б.) таяммум соғады, егер оған да мүмкіндігі болмаса, мүмкіндігі болғанға дейін қоя тұрады. Кітаптарда «Таяммумды керек еттірер жағдайлардың бірі ретінде: «суды алатын құрал немесе ыдыс табылмай жатса, таяммум соғады» делінген. Поезда дәрет алатын орын болғанымен, ғұсыл алатын орын жоқ, бұл да осы таяммум соғуға алып келеді.

Денені сулы сүлгімен сүртіп шығуға бола ма?

«Поезда сулы сүлгімен денені сүртіп шықсын» деген пікір ешқандай шариғи ереже шеңберіне симайтын сөз.

Біріншіден - шариғатта сулы затпен денені сүрту, ол «ғұсыл» болып есептелмейді, ғұсыл болып есептелу үшін «жуу» іс әрекеті жүзеге асуы шарт. Сүрту басқа, жуу басқа. Алла Тағала «жуыныңдар» деген.

Екіншіден – біздегі поездардағы әжетханаларда шешініп бүкіл денені сулы сүлгімен сүрту деген, жоқ жерден дінді қиындату дегенді білдіреді. Бұл, бір шетінен ақылға қонымсыз тірлік, екіншіден, шариғаттың таныған жеңілдігін жөнсіз танымау дегенді білдіреді. Бұл да діннің мақсатына қайшы. Күнә.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым