Мәсінің беткі жағы жыртылғанымен астарындағы мата сау. Мәсих тартуға бола ма?
Мәсінің беткі жағы жыртылғанымен астарындағы мата сау. Мәсих тартуға бола ма?
8 жыл бұрын 7466

Әссәләмуғалейкум! Сізден сұрайын дегенім, мәсінің табан жағы қайысы жыртылғанымен, матасы бүтін. Сомен дәрет алсам, мәсих тартуға жарай ма, кешке шейін? Алла разы болсын сізден. Айгерім.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи фиқһ кітаптарында орын алған мәліметте сіз сұрап отырған мәселеге қатысты былай делінген:

«Мәсінің сыртқы қабаты ашылғанымен, астарында тері немесе мата тігілген болса, беткі жағының (жыртылып немесе ағытылып кетуі себепті) ашылуы мәсих тартуға кедергісі жоқ». "Раддуль Мухтар", 1/437 бет. 

Сондықтан да, мәсіңіздің табан жағы ең кемі аяқтың кішкене үш саусағының көлеміндей жыртылып, бірақ, астары бүтін болса, ондай мәсіге мәсих тартудың ағаттығы жоқ. Себебі, оған байланыса тігілген астар - мәсиге тән.

Осы жерде «мәсіге тігілген» деп арнайы айтылып отыр. Өйткені, оған байланысы жоқ бөлек мата немесе қайыс мәсиге тән емес. Мысалы, мәсіні аяққа шұлғау орап киді делік. Егер, мәсі жыртылған жағдайда, аяққа оралған шылғаудың мәсіге қатысы болмағандықтан, жыртығы жамалмайынша ол мәсіге масих тартылмайды.  

Абдусамат Қасым