Мал ішкен сумен дәрет алуға бола ма?
Мал ішкен сумен дәрет алуға бола ма?
2 жыл бұрын 2973

 Мал ішкен сумен дәрет алуға бола ма?

1) Шариғатта еті желінетін адал малдардың ішкен суы таза, олардың ішкен су қалдықтарымен дәрет алуға болады. Мысалы, түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы т.б. 

2) Ит және шошқа ішкен су - таза емес, лас. Онымен дәрет алынбайды. Мысалы, ыдыста тұрған суды ит ішсе, ол су нәжіс болып, онымен дәрет алуға болмайды. Сондай-ақ, қасқыр, аю, түлкі, қабылан, шиібөрі т.б. жыртқыш аңдардың ішкен су қалдығы да таза емес, олардан қалған су қалдығымен дәрет алынбайды.

3) Мысық пен тышқанның ішкен сумен дәрет алу жеңіл мәкруһ. Басқа су бар болса, соны қолданған абзал. Басқа су болмаса, мысықтың ішкен суымен дәрет ала беруге болады.

4) Навоздарда, нәжістерде жемтігін шұқып жеп жерген тауықтың ішкен суы да мәкруһ. Ал қамауда ұсталып, таза бидай жеп жүрген тауықтардікі мәкруһ емес. 

5) Бүркіт, қаршыға сынды жыртқыш құстардың ішкен суымен дәрет алу мәкруһ.

6) Есек пен қашардың ішкен суының нәжіс еместігі күмәнді. Сондықтан да, олардың ішкеннен кейінгі қалған су қалдықтары «күмәнді су» санатында. Өзге таза су бар кезде есектің ішкен сумен дәрет алуға болмайды. Басқа дәрет алатын су болмаса ғана, есек не қашардың ішкен суымен дәрет алуға рұқсат, онда да қосымша «тәяммум» соғуы тиіс1.


 1Имам Зәбиди: «әл-Жәһәрәтун Нәйироту Шарху Мухтәсариль Құдури». 1 том.

Абдусамат Қасым