Ислам дінін қабылдаған адам ғұсыл құйынуы керек пе?
Ислам дінін қабылдаған адам ғұсыл құйынуы керек пе?
6 жыл бұрын 5120

Ассалаумағалейкүм! Менде туындаған сұрақ. Мұсылман емес адам дінді қабылдаған кезде оған ғұсыл алу парыз ба6 əлде уəжіп пе, əлде мустахап па? Қайрат Жолдыбайұлы мен Мұхитдин Исаұлының кітабында парыз десе, Н.Анарбаев жəне Е.Қарақұлов жазған Ислам Ғылымқалында мустахаб делінген. Енді Имам Шурунбулалидің Марақул фалақ кітабының 43 бетінде егер Ислам дінін қабылдаған адам ғұсыл алуға себеп болатын жағдай болса ғұсыл алу парыз деп тұр. Сізден сұрайтыным осылардың ара жігін ажыратып берсеңіз. Шерхан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы мен Шафиғи мәзхабында Ислам дінін қабылдаған адамға ғұсыл құйыну «мұстахаб» амалға жатады, яғни, ұнамды әрекет. Алайда міндетті емес. Себебі, Пайғамбар заманында көптеген адам мұсылманшылыққа өткендігі белгілі. Егер, ғұсыл құйыну Исламға өтудің бір шарты болғанда, Алла елшісі жаппай бұйырар еді. Бірен-саран кісіге айтқаны болмаса, жаппай Исламды қабылдағандардың бәріне олай айтқандығы риуаяттардан байқалмайды. 

Бірақ, ғұсыл құйынуды керек еттіретін жағдайда болса, онда ғұсыл құйынуы парыз болады. Мысалы, жүніптік жағдайдан кейін немесе әйелдер хайыз-нифастан тазарғаннан соң толықтай жуынбаған болса, олар Исламға өткеннен кейін ғұсыл құйынып, бой дәретсізден арылулары керек[1].


[1] Ибн Нүжейм: Фатхуль Бәри. Китабут Тахарат. 1/121 бет. 

.

Абдусамат Қасым