Хижамадан кейінгі қан «нәжіс» пе? Хижамадан кейін «ғұсыл» құйыну шарт па?
Хижамадан кейінгі қан «нәжіс» пе? Хижамадан кейін «ғұсыл» құйыну шарт па?
2 сағат бұрын 98

Ассаляму алейкум! Хиджама кезінде алынған қан нәжіске жата ма? Хиджамадан кейін міндетті түрде шомылып барып намаз оқу керек пе әлде оқи беруге болама?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Хижамадан аққан қан «нәжіс» саналады. Сондықтан да, дәретті бұзады және алақанның ойығындай қан жағылған болса, намазға кедергі. Бірақ, хижама ғұсыл құйынуды керек етпейді. Хижаманың орнын және қан жағылған жерлерін жуып тастаса жеткілікті1.

1Имам Сарахси: «әл-Мәбсут». ӘлУду. Дәрет таратуы.

Абдусамат Қасым