"Ғұсылда мұрынды шаярда, мұрынға ашығанша су тарту керек пе?"
"Ғұсылда мұрынды шаярда, мұрынға ашығанша су тарту керек пе?"
2 жыл бұрын 7146

Ассаламуғалейкум! Ғұсыл алғанда мұрынды ашытып, су жіберу керек пе? Ашымай қалса күмәнданамын су жетпей қалды деп... Серікжан.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

1) Мұрынды шайғандағы ең аз өлшемі - суды мұрынның жұмсағына жеткізу. Яғни, мұрын шайғанда қатты тартпай, суды танауға жеткізіп, сіңбіріп тастап жатса, мұрын шайылған болып саналады.

2) Мұрынды шайғандағы ең көп өлшемі - суды мұрынның жұмсағынан асыру1. Яғни, мұрынға су тартқанда, танаудан асырып, кенсірікке жеткізу. Бұл - қатты тартқандағы кездегісі. Дегенмен, олай істеу шарт емес, сүннет амалға жатады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «... Мұрын шайғанда қатты тарт, тек ауыз берік кезде қатты тартпа» - деген еді2. Пайғамбардың (с.а.у.) «Ауыз берік кезде қатты тартпа...» деген сөзі - ғұсыл-дәретте мұрынды шайғанда суды кенсірекке дейін, не, одан асырып қатты тартудың парыз емес екендігін, бірақ сүннет амал екендігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, ғұсыл немесе дәретте мұрынды шаярда, мұрынды ашытардай суды тым қатты тарту шарт емес. Ең көп дегенде, суды кенсірікке дейін жеткізіп тартса жеткілікті.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1  «Хазәнәтуль Муфтиин».
2  Әбу Дәуід, «Сүнән»; Имам Тирмизи, «Сүнән».

Абдусамат Қасым