Газдалған сумен дәрет алуға бола ма?
Газдалған сумен дәрет алуға бола ма?
9 жыл бұрын 12107

Әссәләмуғалейкум! Аллаһу тағаланың мейрімі мен берекесі барлық мұсылмандарға болсын! Сұрайын дегенім: газдалған сумен дәрет алуға болама? Су болмай қалып «сарағашпен» дәрет алған едім. Қасымда тұрған бір танысым «газдалған сумен дәрет алуға болмайды» деп көңіліме күдік салғаны. Бұрындары «болады» деп жүрген етінмін. Рақмет, Алла тағала риза болсын! Ғұмырбек Төлегенұлы

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!

Құрметті Ғұмырбек, сұрақтағы мәселені «газдалған су» және «газдалған сусын» деп, екіге бөліп қарастыру керек.

Біріншісі «су» ретінде есептелгендіктен қажет болып жатса, онымен дәрет алуға болады. Мысалы, "сарыағаш" т.б.

Екіншісі, яғни, газдалған сусын «су» атауына жатпайтындықтан, онымен дәрет алуға болмайды. Мысалы, "кола", "спрайт" т.б. сусындар. (Су жоқ болса, таяммум соғылады).

Өйткені, Құран Кәрімде дәрет пен ғұсыл үшін тек «су» атаулыны ғана қолдануға болатындығы айтылған: «وَيُنَزِّلُ عَلَيْكُمْ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً لِيُطَهِّرَكُمْАлла сендерді тазартайын деп, аспаннан сендерге су жаудырды»[1]. 

«Дәретке жарамды сулардың түрлеріне» қатысты толық мәлімет білгіңіз келсе, мына сілтемелердегі видео дәрістерді тыңдасаңыз болады:
1)
 http://islam.kz/kk/media/darister/fiqh/fiqh-an-nuqoya-7-daris-abdusamat-qasym-214/#gsc.tab=0
2
http://islam.kz/kk/media/darister/fiqh/fiqh-an-nuqoya-8-daris-sudyn-turleri-2-bolim-abdusamat-qasym-215/#gsc.tab=0 


[1] Әнфәл сүресі – 11 аят.

Абдусамат Қасым