Дәретке байланысты төрт сұрақ
Дәретке байланысты төрт сұрақ
7 жыл бұрын 14772

- Әссаламуалайкум! Сізге қояр сұрағым иттің сілекейі дәретті бұза ма? Аллаһ разы болсын.

- Уағалейкумуссәләм! Иттің сілекейі дәрет бұзатын жағдайларға жатпайды. Тек, көп мөлшерде жағылған болса (алақан ойығындай), намазға кедергі. Сілекейі тиген жер жуылу керек.

- Әссәләмуғалейкум! Әжетxанада түкіру қалай болады ? Кейде ауыз толып калады. Ол кезде не істемек керек?

- Уағалейкумуссәләм! Әжетханада түкірмеу – әжетхана әдептерінен саналады. Қажет болып жатса, түкірудің ағаттығы жоқ.

- Ассаляму алеикум!  Дәрет алғанда қолымды жұмай кетіппін. Намаз оқып болғаннан соң есіме түсті. Намазды қайта оқимын ба?  

-Уағалейкумуссәләм! Жуылмаған қолыңызды жуасыз да, намазыңызды қайта оқисыз.

- Ассаламуғалейкум! Құлағымнан сұйықтық ағады. Осы дәретті бұза ма?

- Уағалейкумуссәләм! Құлақтан ірің ақса, дәрет бұзылады. Одан бөлек, құлақтан су секілді жай сұйықтық ақса, дәрет бұзылмайды. Онда да, ауырмайтын құлақтан аққан болса. Ал, ауырып, сыздап тұрған жағдайда құлақтан аққан жәй сұйықтық та дәретті бұзады. 

Абдусамат Қасым