Дәрет алғанда біреуге су құйғызуға бола ма?
Дәрет алғанда өзгеге су құйдырса, бола ма?
|
Бисмилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Ханафи ғалымдарының айтуына қарағанда, сырт дәретін аларда өзгеге су құйдыруға болады, рұқсат амал. Бірақ дәреттің әдебіне теріс. Дәреттің әдебі бойынша кісі мүмкіндігінше өзгеден көмек алмағаны абзалырақ. Бұл су құйдыруға қатысты. Ал дәретте жуылуы керек ағзаларын өзі жууға тиісті, өзгеге жудырту - мәкруһ. Тек өзі жуамайтын сырқат кісілер дәретте жуылуы керек ағзаларын өзгеге жудырта алады. Бұған байланысты «Фәтәуә әт-Тәтәрхания» атты кітапта былай делінген:
«Дәрет алу рәсімін өзі атқарғаны әдептен. Басқа біреудің көмегіне жүгініп жатса, оған рұқсат, алайда ағзаларын өзі жуған болуы тиіс»1.
1 Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 1/251 бет.
Өзекті сұрақтар