Ассаламуғалейкум! Менің он аяғым тізеден төмен протез. Дәрет қалай алынады? Мәсіге масих тартсам бола ма? Бірақтан протездін ішіне киетін шүлықты ауыстырып түру керекпін сол кезде протез шешілсе масихтін үкімі бүзылама қалай болады?
Бір аяғы протез болған мұсылман мәсіні қалай киеді? Дәрет алғанда аяқты жуа ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, алдымен мынаны айта кетелік: бір аяғыңыз тізеден төмен протез болғандықтан, дәретте ол аяғыңызды жуу парыз емес. Сау аяғыңызды ғана жусаңыз жеткілікті. Ал мәсі қалай киеді дегенге айтарымыз: сіздің жағдайда мәсіні сау аяғыңызға ғана киіп, мәсіх тарта аласыз. Протез бар аяғыңызға мәсі кию шарт емес, себебі сіздің бір аяғыңыз тізеден протез болғандықтан, келесі сау аяғыңызға ғана мәсі киіп, соған ғана мәсіх тартсаңыз жеткілікті. Тоқ етерін айтқанда, тізеден төмен протез болған аяғыңызды дәретте жумайсыз да, мәсіх тартпайсыз да. Тек қана сау аяғыңызды ғана жуасыз және сау аяғыңызға ғана мәсі киіп, мәсіх тартсаңыз болады.1
1Бұрһәнуддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхитуль Бұрһәни» - әл-Мәсх аляль Хуффәйн. 1\181 бет.