Өлер адам өзінің ішкі органдарын өлгеннен кейін донорлыққа сыйласа, ол үшін оған сауап бола ма?
Өлер адам өзінің ішкі органдарын өлгеннен кейін донорлыққа сыйласа, ол үшін оған сауап бола ма?
1 жыл бұрын 2835

Әссәламу'әләйкум! Сұрағым: егер адам өлгеннен кейін дене мүшесін донырлыққа берсе оған қаншалықты сауабы тиедіме? Тірі қалған адам күнәхар немесе дінсіз болса ше? 

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Өлер адам өзінің ішкі органдарын бағыштап кетудің діни тұрғыда үкімі қалай дегенге қатысты, бүгінде дін ғалымдары екіге жарылған. Бірсыпыра дін ғалымдары үзілді-кесілді қарсы болса, бірсыпырасы кейбір талаптар аясында рұқсат деген тұжырым білдірген. Рұқсат деушілердің пікірінше, бұл - сауапты іс. Бірақ, мына шарттар назарға алынуы ләзім:

1) Мархұм толықтай жан тәсілім еткен болуы тиіс. «Клиникалық өлім» халі саналмайды. Толықтай жүрегі де, миы да тоқтаған болуы шарт. Өлгеніне үш дәрігер маман куәлік етпегі керек. Оған дейін органдарын алуға болмайды.

2) Мархұм органдарын донорлыққа тапсыратынын көзі тірісінде өсиеттеп кетуі тиіс.

3) Шариғатта өзге адамға трансплантация жасауға жарайтын ағзалары ғана бағышталуы тиіс. Ал мысалы кісінің жыныс мүшесі, аталық бездері өзгеге трансплантацияланбайды, өйткені, бұл кейіннен ұрпақтың араласып кетуіне алып келеді.

4) Осы тұрғыда, кейбір ағзаларын донорлыққа өткізуіне болады, ал түгелдей денесін бағыштауға жол жоқ, өйткені, адам баласы қайтыс болғаннан кейін денесі жуылып, кебінделіп жер қойнауына тапсырылуы ләзім. 

Осы талаптар сақталған жағдайда, өлмей тұрып өзінің ішкі органдарын донорлыққа тапсыруына болады. Бұл үлкен сауап. Өйткені Құран Кәрімде: «Кім бір адамды құтқарса, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең» делінген, дейді ол ғалымдар. 

Абдусамат Қасым