Жұмыс орнында вакцина алуым міндеттелсе, вакцина алуыма бола ма?
Жұмыс орнында вакцина алуым міндеттелсе, вакцина алуыма бола ма?
3 жыл бұрын 2178

Қайырлы күн! Сәлеметсіз бе! Жұмыста короновирусқа қарсы вакцина алыңдар деп мәжбүрлеп жатыр. Вакцина алуым керек пе? Мен өзім қарсымын, бірақ алмасаң жұмыстан шығып кетуім мүмкін. Өйткені, жұмысшылары вакцина алмаған жағдайда мекемеге штраф төленетін ұқсайды. Анон.

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сауал жіберуші! «Вакцина алу күнә ма?» – деп тұрсаңыз, вакцина алудың күнәсі жоқ. Ерікті амал.

Қашан вакцина салдыруға діни тұрғыда тыйым салынады? Егер вакцинаның жаппай жұртқа зияны тиіп жатса, пайдасынан зияны көп болса немесе пайдасы мен зияны теңдей дәрежеде көрініс тауып жатса - сондай жағдайларда діни тұрғыда вакцина салдыруға болмайды деп айтуға болады. Ал оның зиянды не зиянсыздығын медицина саласындағы білікті вирусолог мамандардың ресми мәлімдемесін негізге аламыз, және де тәжірибеге қарап білеміз. Мысалы, күнделікті тәжірибеде вакцинаның халықтың денсаулығына қауіп төндіріп жатқандығы анықталса, діни тұрғыда ондай ем тәсіліне тыйым салынады. Әрине, ондай жағдай туындай қалса дәрігерлер де, өкімет те бей-жай қарамай, дабыл қағары анық. 

Бүгінде ковид вакцинасын салдыру мәселесінде қоғам екіге жарылғандығы мәлім. Кейбірі болады десе, кейбірі – қарсылық танытуда. Қарсылық танытушылардың да уайымын түсінуге болады. 

Тоқ етерін айтқанда, егер жұмыс орныңыз вакцина салдыруды міндеттеп жатқан болса, ковидке қарсы вакцина алуыңыздың күнәсі жоқ. Ерікті амал. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым