Әссәләмуғалейкум! Маған дəрігер «онихомикоз» (ногтевой грибок) деп диагноз қойды. Емінің бірі - (басқа да дəрілермен бірге) тырнаққа арнайы лак жағу. Оны жағар болсам, алынған дəретім толық болып санала ма? Не істесем болады? Гүлзира
|
Ем үшін тырнаққа арнайы жасалған лакты жақсам, дәретке кедергі ме?
|
Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабының ғұламасы, хадисші әрі фиқһшы Имам әл-Маусули өзінің «Ихтияр ли Тағлилиль Мухтар» атты еңбегінде былай деген:
«...Егер аяғының жарылған [1] жеріне дәрі жақса және жағылған дәріден теріге су жұқпайтын болса, дәрінің үстінгі бетінен судың ағуы жеткілікті»[2].
Демек, аталмыш медициналық лакты ем үшін жағатындықтан, тырнақ астына судың өтпеуі дәретке кедергі емес. Аяқ жуғанда үстіңгі бетінен судың ағуы жеткілікті.
«Судың тиюі де зиянды» - десеңіз, онда, әлгі жеріне мәсіх тартылады да, сау жерлері жуылады. Ал, егер мәсіх тарту да залалын тигізсе, таңғышпен таңып, таңғыш үстінен мәсіх тартылады.
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?