Əйелі мен күйеунің тұқымдық жұмыртқаларын ұрықтандырғаннан соң азотқа тоңазытып қояды. Кейін əйелі денсаулығының нашарлығына байланысты жұмырқалықты жояр болса, оның үкімі қандай? Күйеуі тоқал алып, сол тоқалдың жатырына жаңағы жұмыртқалықты салып тудыруға əрекет жасаса, үкімі қандай?
Дінде ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырғаннан кейін, оны екінші әйелінің жатырына орналастыруға рұқсат па?
|
Бисмиллаһир рахманир рахим. Әлхамдулиллаһ. Уассаләту уәссәләму аля расулилләһ!
Халықаралық Ислам фиқһ ұйымының қабылдаған қаулысы бойынша, ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырып, оны өзге әйелдің жатырына орналастыруға жол жоқ. Мейлі, ол - екінші некелі әйелінің жатыры болса-да, үкім осы[1].
Және айта кету керек, ұрықтандыру процесінде бөтен біреудің тұқымдық жасушасы араласып не орны ауысып кетпейтіндігіне сенімді болған дұрыс. Ол үшін ұрықтандыру тәсіліне жүгінер кезде, сенімді, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, лаж болса, мұсылман маманды таңдаған жөн.
[1] Ислам фиқһ ұйымы. Хижри 1407 ж./ Миләди 1986 ж. (4/3) 16 қаулы.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?