Ұрысқан сайын "кет" деп айтса, ол "талақ" болып санала ма?
Ұрысқан сайын "кет" деп айтса, ол "талақ" болып санала ма?
2 жыл бұрын 3729

Сәлеметсіздер ме! Күйеуім алдын 2 талақ айтқан, бірақ одан кейін ұрысқан сайын «кет» деп айтса, талақ түсе ме?

Сәлеметсіз бе!

«Кет» деген сөз – тікелей «талақ бол» деген мағынаны білдірмейтіндіктен, айтушының ниетіне қараймыз. Егер ниетінде «талақ еттім, енді ерлі-зайыпты емеспіз» деген мағынада айтса, «кет» деген сөзі талақты білдіреді. Ал ол сөзді «талақ ету» ниетімен емес, жай ренжіп «кет» деген болса, онысы «талақ» болып саналмайды. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым