Сіздерге бұл сұрақты досымның өтінішімен жолдап отырмын. Оның айтуынша: осыдан біраз уақыт бұрын әйелі екеуі ұрысып қалыпты. Ашу үстінде досым әйеліне: «Уаллахи, сені талақ етемін»,- деп ант еткен екен. Оның осы сөзі талақ боп есептеледі ме? Есептелетін болса, не істеуі керек? Ермек.
«Уаллахи, сені талақ етемін» десе, талақ па?
|
Қадірменді Ермек, досыңыздың әлгіндей ант ішіп талақ етемін деп қорқытуы - әйеліне көрсеткен сесі, талақ емес. Сондықтан, ол айтқан антын іс жүзіне асырмайынша, талақ болып есептелмейді[1].
[1] Муфти сәбиқ Ахмед Һәриди: Дәрул Ифтә әл-Мысрия. 1966 ж., 29-маусым.