Талаққа байланысты екі сұрақ
Талаққа байланысты екі сұрақ
5 жыл бұрын 5139

- Ассаламуғалейкум! Егер «кіші баин талак» болса, некені жаңарту үшін «иддәт мерзімін» күтулері міндетті ме?

- Уағалейкумуссәләм! Егер, ері өз әйелін «рижғи талақпен» талақ еткен болса, үш хайыз иддәт мезгілі ішінде райынан қайтып, неке жаңартпастан татуласуларына болады. Ал, егер әйелін «кіші байын талақпен» талақ еткен болса, қайта қосылулары үшін неке жаңартулары керек. Ол үшін «иддәт мезгілінің» өтуін күтулері міндетті емес. Иддәт мезгілі ішінде де қия береді. (Өзгеге тұрмысқа шыққысы келсе, иддәт мезгілін күтуі шарт).

- Ассаламу алейкум! Екі рет талак айтылса, неке жаңарту керек пе? Бір имам кісі «неке жаңартпай жақындасса» болады деді. Бірақ көңілімде бір күдік бар. Өтінем жауап беріңізші!

- Уағалейкумуссәләм! Бір талақ немесе екі талақ – (егер, одан бұрындары талақ айтпаған болса) «рижғи талақ» үкімін тудырады. Бұл дегеніміз, үш хайыз уақыты бітпей тұрып, яғни, "иддәт мерзімі" ішінде әйелімен қайта татуласуына және неке жаңартпастан ерлі-зайыптылық міндеттерін атқара берулеріне болады деген сөз.

Абдусамат Қасым