Әссәләму ъәлайкум уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ! Ұстаз бір сұрақ бір әйелдің күйеуі есін жоғалтып алған болса, ол екеуінің некесі қалай болады екен?
|
Күйеуі жынданып кетсе, діни тұрғыда некелері бұзыла ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Күйеуі есінен айырылса немесе жынданса некелері бұзылмайды, некелері сақталады. Тіпті есінен алжасқан ер адам өзінің некелі әйеліне талақ айтса, талағы негізге алынбайды. Өйткені, шариғи міндеттемелер үшін ақыл-есі сау болу маңызды. Ақыл есін жоғалтқан адамға үкім жүрмейді. Сондай-ақ, талып қалған, қатты сасқаннан немесе қатты қорыққаннан бір пәс есінен адасып, не айтып не қойғанын білмейтін күйге түскен адамның да талағы есептелмейді1.
1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус санаиъу». 4\214 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?