Хайызы мүлдем тоқтаған әйелдің иддәт мерзімі қанша уақыт?
Хайызы мүлдем тоқтаған әйелдің иддәт мерзімі қанша уақыт?
8 жыл бұрын 7338

Әссәләмуғалейкум!  
Егер әйел 49 жастағы, енді бала табатын жастан кетіп (хайызы мулдем тоқтаған болса), куйеуінен кеше ғана айырылысқан. Жане сол кунге дейін куйеуімен катынаста 3 айдай болмаған. Иддат мерзімін кутуі керек пе? А.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әйел кісінің хайыз тоқтайтын жасы - Ханафи ғалымдары бойынша, 50 не 55 жас. («Бұл жасты көпшілік әйелдерге қарай шамалаған дұрыс» дейтін ғалымдарымыз да бар). Және хайыз тоқтағанына ең аз алты айдан астам уақыт өткен болуы керек. Міне осындай күйдегі әйел ажырасқан күннен бастап есептегенде үш ай уақыт, дәлірек айтқанда, 90 (тоқсан) күн иддәт мерзімін күтуі шарт. Құранда хайызы тоқтаған әйелдің «иддәт» күту мерзімі – үш ай делінген[1].  

Иддәт мерзімін* талақ айтылған сәттен немесе сот жүзінде ажырасқан жағдайда соттың нақты шешімі бекітілген күннен бастап есептейді. Осы орайда, некелі сәттеріндегі үш айдай төсек қатынасының болмауы назарға алынбайды.

*Күйеуі өлгеннен кейін немесе талақ айтылғаннан соң әйел кісі белгілі мерзім күтеді. Оны шариғатта «Иддәт-عِدَّةٌ» деп атайды. Иддәттің сөздік мағынасы «санау» дегенге саяды. Күйеуі қайтыс болған әйелдің күту мерзімі – 4 (төрт) ай және 10 (он) күн[1]. Ажырасқан әйелдің күтү уақыты – 3 (үш) етеккір мерзімі[2]. Аяғы ауыр әйелдің (мейлі жесір әйел болсын, мейлі талақ айтылған әйел болсын) иддәті - босанғанға шейін жалғасады. Хайыз мүлдем тоқтаған әйелдікі - үш ай.  


[1] Талақ сүресі, 4 аят. 

Абдусамат Қасым