Ассаламағалейкум уа раһматулахи уа баракатуһ, ұстаз! Ерлі-зайыптылар н/е бойдақтар түнде қандай киіммен ұйықтағандары дұрыс шариғат бойынша? Әуретті жерлер ашық болмау керек пе? Хамид.
|
Түнде жатқанда киімді шешіп жатса бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Түнде жатқанда мүмкін болса, арнайы жатарда киетін киім киіп жатқан абзал, ол әдептен болып есептеледі. Әйтсе де, өзінің жеке бөлмесінде киімсіз еркін жатса да күнәсі жоқ. Құран Кәрімде Алла Тағала есі кірген балаларының ата-анасының жатын бөлмесіне рұқсатпен кірулері керек үш уақытты баяндай отырып былай деп өтеді:
«...Және киімдеріңді шешетін түскі (ұйықтайтын) уақытта (рұқсатсыз кірмесін)»1.
Аталмыш қасиетті аяттан өзінің жеке бөлмесінде ұйықтайтын кезде киімсіз жатудың күнәсі жоқ екенін ұғамыз, ал адамдардың еркін кіріп-шығып жүретін жерде киіммен жатқан дұрыс екендігін де аяттан түсінікті.
1Құран Кәрім: "Нұр" сүресі, 58 аят.