Қайын атамның алдында да хижап киюім керек пе?
Қайын атамның алдында да хижап киюім керек пе?
9 жыл бұрын 7486

Ассаламуғалейкум! Мен намаз оқимын әрі әмір етілгендей хижап киемін. Күйеуім де намазхан. Менің сіздерден сұрайын дегенім: қайын ата, қайын аға, қайын інілерімнің алдында да жабық жүргенім дұрыс па? Әлде тек қазақшалап орамал тарта салуға бола ма? Айша.

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті Айша, қайын атаңыздың алдында хижап кию шарт емес. Өйткені, Құран Кәрімде қайын атасының алдында шариғат шәлісін тақпай-ақ жүруге рұқсат екендігі ашық білдірілген[1]. Сондықтан да, ата-енеңіздің алдында тек қазақ келініне сай орамал байлап жүруіңіз жеткілікті.

Қайын ағаңыз бен қайын ініңізге келер болсақ, дініміз олардың көзінше хижап киіп жүруіңізді бұйырады[2].


[1] Нұр сүресі – 31 аят.
[2] Сахих муслим, Китабус Сәләм – 2172. 

Абдусамат Қасым