Ассаламуғалейкум! Қадір түні жыныстық қатынасқа тұсуге бола ма?
|
Қадір түнінде ерлі-зайыптылардың жақындасулары қаншалықты дұрыс?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қадір түні - ерлі-зайыптылардың төсек қатынасына түсулері күнә емес, оған тыйым жоқ. Құранда: «Оразаның түнінде әйелдеріңмен жақындасуларың сендерге халал етілді, олар - сендерге киім, сендер - оларға киімсіңдер!...»- делінеді1.
Әріберіденсоң, дінімізде некелі адал жарымен қатынасқа түсу садақа саналады. Хадисте: «وفي بُضْعِ أحدِكم صَدقةٌ» - "Жақындасуларың да садақа!" - делінген.2. Сондықтан да, Қадір түнінде ерлі-зайыптылар жақындасса, оның күнәсі жоқ, мубах амал. Тек құлшылыққа да уақыт арнауды ұмытпаған абзал.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Қасиетті Құран, «Бақара» 187 аят.
2 Имам Мүслім: "Сахих Мүслім".
Өзекті сұрақтар
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?