Әссәләму алейкум! Бір таныстың үйіне «иншаАлла, бармаймын» деп ант еттім, антымды бұзуға бола ма? Анон.
«Оның үйіне бармаймын, иншаАлла» деп ант етсем, антымды орындау шарт па?
|
Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Антты «иншаАлла» сөзін қосып айтқан болсаңыз, антыңыз саналмайды. Сол үшін танысыңыздың үйіне барсаңыз антыңызды бұзған болмайсыз. Бұл жайында Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: «Кім ант етіп (артынша) «иншаАлла» десе, ол (райынан қайтқан жағдайда) антын бұзған болмайды»1.
1 - مَنْ حَلَفَ على يَمِينٍ فقال : إنْ شاءَ اللهُ ، فلا حِنْثَ عليهِ (Имам Тирмизи: «Сүнән»). Хасан.; Әбу Дәуід: «Сүнән»).
Көп оқылғандар
■
Жолаушы өз ауылына кірмей, сыртынан өтіп бара жатса, намазды толық оқи ма, қысқартып оқи ма?
■
Арақ-шарап сататын «алкомаркеттен» зат сатып алуға бола ма?
■
Жайраның (дикобраз) еті адал ма?
■
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?
■
Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай аламын ба?