Әссәләму ъәләйкум уә рохматуллаһи уә бәрокәтуһ! Ұстаз келін өгей қайын атасының алдында орамалсыз жүруге болады?
|
Өгей әкеме менің әйелім «махрам» болып санала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Өгей әке өзінің өгей келініне, яғни, өгей баласының әйеліне махрам емес, яғни, онымен құдандалы байланыс туындамайды(1). Сол себепті, өгей келіні оның алдында хижаб киіп жүруі тиіс. Бұған қатысты Құранда: «Сендердің өз балаларыңның жұбайлары (туған келіңдерің) сендерге харам етілді» деп бұйырған. («Ниса» сүресі, 23 аят). Осы аятта туған келіндері махрам екені айтылып тұр, ал одан бөлек: асырап алған балаларының және өгей балаларының әйелдері махрам емес.
Өгей әкеге: өгей қыздары харам (өмірлікке некелесе алмайды, шешелерімен ажырасып кетсе де), олардың қыздары харам, өгей балаларының қыздары харам, олардың қыздары харам т.б. өстіп жалғасып кете береді.
1) Ибн Ғабидин: "Роддуль Мұхтәр". Махрамдар.