«Күйеуімнің бұрынғы әйелінен болған баласы үйге келгенде хижаб кию керек пе?»
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
|

Ислам шариғатында әкесінің екінші әйелі, яғни, өгей шешесі бұрынғы отбасынан болған балаларына «махрам» болып есептеледі. Мұнда дін ғалымдары арасында талас жоқ. Махрам деп, бір-бірімен өмірлікке некелесе алмайтын туыстарды айтады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Әкелеріңнің некелеген әйелдерін некелемеңдер, өткен өтті. Ол расында арсыздық, жексұрын іс және жаман жол» деген. («Ниса», 22 аят).
Ендеше, өгей шеше де күйеуінің бұрынғы балаларына туыс боп келеді. Сол себепті, өз балаларының алдында хижабсыз жүре алатыны сияқты, өгей балаларының алдында да хижабсыз жүре алады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар