«Күйеуім бақилық болды. Арамыздағы некеміз сақтала ма, бұзыла ма?
«Күйеуім бақилық болды. Арамыздағы некеміз сақтала ма, бұзыла ма?
16 сағаттан соң 65

Бізде неке де (никах) болды, әрі ресми түрде де үйленгенбіз. Үш ортақ баламыз бар. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін біздің некемізге не болады? АХАЖ мені автоматты түрде жесір деп есептейді немесе тұрмыста емес деп санайды. Ал исламда некеміздің жағдайы қалай болады? Одан міндетті түрде шығуым керек пе? Егер мен күйеуімді жақсы көріп, сол некеде қалғандай болғым келсе, бұлай жасауға бола ма?

Сәлеметсіз бе! Ислам шариғаты бойынша, күйеуі қайтыс болғаннан кейін ортадағы некенің шариғи тұрғыда заңдылығы тоқтайды, яғни, некелері бұзылады. Күйеуі қайтыс болған әйел 4 (төрт) ай, 10 (он) күн «иддет мерзімін» күтеді. Осы мерзім өткеннен кейін ол ерікті: қаласа қайта тұрмысқа шыға алады, қаламаса — шықпауына да болады. Тұрмыс құру — әр адамның өз таңдауы. Қазақ салтында күйеуі қайтыс болған әйел бір жыл күтеді, бір жылдан кейін қаласа тұрмысқа шыға алады.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым