Жүкті әйел қайтыс болса, ішіндегі баласын бөлек жерлеу керек пе?
Жүкті әйел қайтыс болса, ішіндегі баласын бөлек жерлеу керек пе?
2 ай бұрын 1785

Әссәләму алейкум! Босану уақыты жақын жүкті әйел өмірден өтті. Баласы да шетінеді. Енді баласын алып жерлеу керек пе, әлде сол күйі жерлей ме? Егер алып жерлесе, бір қабір жарай ма, әлде екі бөлек қабір қазу керек пе? Ержан.

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Жүкті әйел қайтыс болған жағдайда, ішіндегі баланың өлі не тірі екендігіне қарайды. Егер ішіндегі шақалақтың мерзімі үлкен (бес-алты ай) әрі тірі болса, мәйіттің іші жарылып, бала алынады және әрі қарай өмір сүруіне жағдай жасалады. Ал егер мәйіттің ішіндегі бала да өлі екендігі анықталса, сол күйінше анасымен бірге жерленеді, ол жағдайда ана қарнынан алынбайды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи раббиль аләмин.

 

Абдусамат Қасым