Жас баланың әурет жері неше жастан бастап есептеледі?
Жас баланың әурет жері неше жастан бастап есептеледі?
10 жыл бұрын 10085

Әссәләмуғалейкум! Сәбидің әуреті неше жастан басталады? Нұрлыбек

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә баракатуһ!

Ханафи мәзхабы бойынша, 4 жастан бастап, 10 жасқа дейінгі ұл балалардың жабылуы тиіс әурет жерлері: алдыңғы жағы мен артқы жағы. 10 жастан былайғы балалардың әурет жерлері – кіндік пен тізе арасы.

Шәфиғи мәзхабында, жас балалардың ұятты жерлері, үлкендердікі секілді: кіндік пен тізе арасы.

Ханбали мәзхабында, жас балалардың әурет жері 7 жастан бастап есептеледі. 7 жастан 10 жасқа дейінгі ұл балалардың әурет жерлері: алды мен артқы жақтары. Осы жастағы қыз баланікі жабылуы тиіс әурет жері жақын туыстарының жанында ең азы: кіндік пен тізе арасы, ал, бөтен адамдардың жанында көкірек тұсынан бастап, тізеге дейінгі жерлер[1]. 


[1]Әл-Мәусуғатуль фиқһия – 27/27 бет. Кувейт. 

Абдусамат Қасым