Ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болса, екіншісі мәйітін жуа ала ма?
Ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болса, екіншісі мәйітін жуа ала ма?
7 жыл бұрын 10078

Әссәләмуғалейкум! Сізге сұрағым бар еді. Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болса, екіншісі жуындыруға рұқсат па? Рақмет.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қайтыс болған ерінің мәйітін қажет болса, әйелі жуа алады. Өйткені, ері қайтыс болған әйел төрт ай он күн иддәт мерзімін күтуі тиіс. Осы мерзім бітпей тұрмысқа шығуына құқы жоқ. Риуаяттарға қарағанда, Әзіреті Әбу Бәкір (р.а.) бақилық болған кезде, денесін жұбайы Әсмә бинт Ъумәйс жуған екен[1].

Ал, әйелдің денесін әйел кісі жуу керек. Зайыбының жансыз денесін ері жуа алмайды. Себебі, әйелі жан тәсілім етісімен арадағы ерлі-зайыптылық байланыс бірден жойылып, ері үшін иддәт мерзімін күту үкімі қарастырылмайтындықтан, ол үшін бөтен әйел іспетті саналады.   


[1] Имам Мәлік: Муатта.

Абдусамат Қасым