Балаға «Ахмадияр» деген есім қоюға бола ма?
Балаға «Ахмадияр» деген есім қоюға бола ма?
2 жыл бұрын 10931

Ұлға Ахмадияр есімін коюға бола ма? Мұсылман есіміне жата ма? «Ахмедияр» деген естігенмін. Дәл «Ахмадияр» деген калай болады? Мади.

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті сауал жолдаушы, балаға «Ахмедияр» (немесе «Ахмадияр») деп қоюға болады. Бұл есім «Ахмед» және «ияр» сөзінен құралған адам есімі. «Ахмед» арабша есім. Мағынасы: «мақтауға тұрарлық ең жақсы сипаттарға ие адам» дегенге саяды. Бұл есім сүйікті пайғамбарымыздың есімдерінің бірі. Ал «ияр» сөзі болса, парсы тілінен қазақшаға аударғанда «серік», «дос», «жолдас», «сүйікті» деген ұғымдарға саяды. Қазақша нұсқасы жар1Сонда «Ахмедияр» есімінің мағынасы: "Мақтаулы серік", "мақтаулы жақсы жолдас" дегенге саяды екен. Қазақша баламасы Ахмеджан.


1Мысалы, біздер ерлі-зайыптыларды «жар» деп атаймыз, бұл сөздің де түбі парсы тіліндегі «иәр» сөзіне барып табан тірейді: «өмірлік серік», «өмірлік жолдас» «сүйікті» деген ұғымда.

Абдусамат Қасым