Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
8 ай бұрын 2404

Ассаламалейкум! Егер де мұсылман адам Аллаға күна емес нәрсені жасамаймын деп уәде етіп оны бұзса, кәфаррат өтеу міндет бола ма? Мысалы, өз әйелімен сүйіспеймін деген сияқты және т.б

Бисмилләһир рахманир рахим

Бір адал нәрсені (әйелін өзіне харам еткеннен басқа) өзіне харам етсе, онысы «ант» болып саналады. Антын бұзған жағдайда «ант кәффаратын» өтеу керек болады. Мысалы, Аллаға ант етейін, мына шербетті ішпеймін дегені секілді немесе мына шербет маған харам болсын т.б.

Сондықтан да, «әйелімді сүймеймін», не, «сүйіспеймін» деп ант етуіңіз, ант болып саналады (талақ емес)1. Және де Пайғамбарымыздың (с.а.у): «Кімде-кім бір нәрсені істемеуге ант еткен болса, бірақ ол нәрсені істемеуден гөрі істеген абзал екендігін ойласа, антын бұзып кафаратын өтесін де әлгі істі істесін»2, – дегенін ескерсек, сіздің жағдайда «антыңызды» бұзғаныңыз абзалырақ, ант кәффаратын өтейсіз. Бұл тек сүюге қатысты антты айтып отырмыз, ал мысалы, «әйеліме жақындаспаймын» деп Алламен ант етудің үкімі бөлек, оны «әл-Илә дейді. «Әл-Илә» талағы жайында толығырақ төменде көрсетілген дәрісімізді тыңдап біле аласыз:

 


1 Ант кәффараты - бір құл азат ету арқылы немесе он міскінді тамақтандыру, яки, оларды киіндіру арқылы өтеледі. Оған күші жетпесе үш күн қатарынан үзбей ораза ұстайды.
2 «Сахих Мүслім», Китабуль Әймән – №1650 хадис.

Абдусамат Қасым