Үйленбей тұрып болашақ жарынан жұқпалу аурудың бар-жоғын анықтау мақсатында тексерілуін талап ете ала ма, әлде тағдырға қарсы шуғу ма?
Үйленбей тұрып болашақ жарынан жұқпалу аурудың бар-жоғын анықтау мақсатында тексерілуін талап ете ала ма, әлде тағдырға қарсы шуғу ма?
1 ай бұрын 1222 фото: клиникакраснодар.рф

Сәлеметсіздер ме! Кешіріңіздер білгім келетіні, үйленеміз деген жігіттен немесе жігіт қыздан жұқпалу аурудың бар-жоғын анықтау мақсатында тексерілуін талап ете ала ма? Өйткені, қазіргі заманда неше түрлі жағдайларды оқып, естіп жатамыз. Опық жеп қалмас үшін сондай қадамға бару діни тұрғыда қалай екен, әлде тағдырға қарсы шығу ма? Анон.

Бисмилләһир рахманир рахим

Қыз болсын мейлі, жігіт болсын өзінің болашақ жарынан үйленбей тұрып жұқпалы немесе тұқым қуалайтын аурудың бар-жоғын анықтау үшін медициналық тексерістен өтуін талап ете алады, ерікті іс. Бұл тағдырға қарсы шығу емес. Егеряки, екеуінің біреуінен жұқпалы ауру анықталған жағдайда, жасырып қалуы харам, яғни, күнә болады. Егер жасырған жағдайда, соның кесірінен екінші тарап ауру жұқтырса немесе қайтыс болса, ауруын жасырған тарап шариғаттың үкімдері мен ережелеріне сәйкес оның барлық салдары үшін (жазалар мен өтемақылар) жауапты болады. Сондай-ақ, екеудің біреуінен неке мақсаттарына кері әсер ететін жұқпалы немесе тұқым қуалайтын ауруға шалдыққаны дәлелденсе, екінші тараптың некеден бас тартуына құқылы1. Алайда, сырқаты анықталған тарапты әлемге әшкерелеп абыройын төкпей, екеу ара жасырын қалғаны жөн. Емделіп, әлі де болса болашақта шаңырақ көтере алатындығына үміт сыйлар сөздер айтып, жігерлендірген жақсы. 

Ең дұрысы Аллаға мәлім! 

1«Еуропа Пәтуа және Зерттеу Кеңесі» - 14-ші сессия. Дублин, 14-18 Ражаб 1426 һ. / 23-27 тамыз 2005 жыл. Доктор Али Қарадағи, «әлҚодоя атТыйббия әлМуъасыйра».

Абдусамат Қасым