Әссәләмуғалейкум! Бір ажырасқан айел бар еді. Ол да (кешіріңіздер) қатынас керек болуына байланысты «мешіт некесіне тұрып, кездесіп тұрсақ» деп жатыр. Ол қалай екен дінімізде? Анон.
|
"Неке қиып алып, кездесіп тұрайық" дейді. Бұлай істеу дінге қайшы ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шариғатқа қайшы үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету», - деген.
Сіздің айтып тұрғаныңыздай жасау дұрыс емес. Әдеттегідей, белгілі түрде үйленіп, бірге отау құру керек. Неке қиып алып, жасырын кездесіп тұруды өз басым «азаматтық некеден» (гражданский брак) айырмашылығы шамалы деп есептеймін. Неке – өмірлікке қиылады. Сіздер оны уақытша қимақшысыздар. Уақытша қиылған неке – неке емес. «Фасид неке»үкімінде*.
*Ханафи мәзхабында және өзге мәзхаб ғұламаларының назарында уақытша неке «фәсид неке» үкімінде. Яғни, қиылған неке шариғат тұрғысынан неке болып саналмайды.
Некенің шарттары жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/nekenin-nendei-sharttary-bar-187/#gsc.tab=0
Өзекті сұрақтар
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?