Келісілген мәһрді басқа бір затқа ауыстырсам бола ма? Мысалы, мәһр ретінде компьютер берілетін болып келіссе, кейіннен қыз оны басқа бір затқа ауыстыруды талап ете ала ма?
|
Келісілген мәһрді басқа затқа ауыстырсам бола ма?
|
Бұндай кезде күйеуінің келісімі маңызды. Егер, күйеуі орнына басқа бір зат беруге келісіп жатса, онда рұқсат. Өйткені, Құран Кәрімде, Ниса сүресінде: «...Мәһр бекітілгеннен кейін, өзара келіскен нәрселеріңде күнә жоқ...», - делінген[1].
Келіспеген жағдайда бастапқы уәделесу бойынша беріледі. Аллаһу аъләм.
[1]Ниса сүресі, 24-аят. وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِيمَا تَرَاضَيْتُم بِهِ مِن بَعْدِ الْفَرِيضَةِ
*Мәһр ретінде қандай заттар берілуі керек екендігі жайында мына сілтемеден оқи аласыз: http://www.islam.kz/kk/questions/januya/neke/buhari-men-muslimnin-hadister-jinagyn-mahr-retinde-surauga-bola-ma-77/#gsc.tab=0 )
Өзекті сұрақтар
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?