Жаңа үйленген жігіт үйленген түні қандай дұға оқыса болады? Немесе оқылатын намаз түрі бар ма?
Жаңа үйленген жігіт үйленген түні қандай дұға оқыса болады? Немесе оқылатын намаз түрі бар ма?
1 жыл бұрын 2375

 

Ассәләмуғалейкум! Жақында шаңырақ көтермекшімін, Алла қаласа. Үйленген түні қандай дұға оқу керек? Немесе орындалатын намаз түрі бар ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Үйленген түні жақындаспай тұрып, екі рәкәғат нәпіл намаз оқуы - сүннет. Намаз оқып болғаннан кейін, жаңа түсірген жұбайының маңдайына оң қолын қойып, мына дұғаны оқығаны жақсы:

«Аллаһумма иннии әс-әлукә хойрәһә, уә әъузу бикә мин шәрриһә. Аллаһумма бәрик ликулли уәхидин миннә фи сохибиһ. Уәрзуқнәә әз-зурриятә ат-Тайибә».

Мағынасы: "Уа, Жаратқан ие! Жұбайымның жақсылығын сенен сұраймын. Ал жамандығынан саған сыйынамын. Уа, Құдайым! Екеумізді бір-бірімізге берекелі ет. Және де екеумізге жақсы ұрпақ нәсіп қыл!".

Алла отбасыларыңызды баянды етсін!

Абдусамат Қасым