Хайыз кезінде жақындасып қоюдың кәффәраты бар ма?
Хайыз кезінде жақындасып қоюдың кәффәраты бар ма?
5 жыл бұрын 7930

Хайыз кезінде жақындасып қоюдың кәффәраты бар ма?

Хайыз кезінде жақындасудың күнәсі ауыр. Харам әрекет. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Оларға тазарғанға шейін жақындаспаңдар!» деп бұйырған[1]. Бұндағы тыйым «харам» үкімін білдіреді.

Егер, ерлі-зайыпты екеуі өз ықтиярларымен қатынасқа түскен болса, екеуі де күнәһар болады, ал бірі екіншісін мәжбүрлесе, мәжбүрлеген ғана күнәһар болады. 

Хайыз кезінде қатынасқа түскендер үшін тәубе етіп, истиғфар етулері (Алладан кешірім тілеулері) жеткілікті. Сахаба Әзіреті Әбу Бәкір (р.а.) осы жөнінде сұраған адамға: «Алладан кешірім тіле және қайтала ма» деген. 

Оған қосымша, шамасы келген адам бір динар не жарты динар садақа бергені абзал. Үкімі мұстахаб (ұнамды). Егер хайыздың алғашқы күндері қатынасқа түскен болса бір динар, ал ақырында қатынасқа түссе, жарты динар береді. (Бір динар, шамамен 4,5 грамм алтын).

Нәсәиде келтірілген хадисте Алла елшісі: «Әйелімен хайыз кезінде, хайыздың алғашқы күндері қатынасқа түскен болса, бір динар. Ал соңғы күндері қатынасқа түскен болса, жарым динар садақа береді», - деген.[2].

Немесе хайыз қаны қара кезде қатынасқа түскен адам бір динар, сары болса жарты динар деп те түсіндіріледі кітаптарда.

Дегенмен, әлгіндей садақа беруі шарт емес. Тәубе етіп, өкініп, енді ондай әрекетті қайталамауға бекінуі жеткілікті[3].


[1] Бақара сүресі, 222 аят.
[2] Нәсәи: Тахарат.
[3] Имам Маусули: әл-Ихтияр. 1/102 бет.

Абдусамат Қасым