Ысқыру жайында тоқталып өтсеңіз! Ысқыру күнә ма? Ақерке.
|
Ысқырудың үкімі қандай?
|
Ақерке, Ислам діні келмей тұрып, Жәһил дәуіріндегі арабтар кағбада жасаған ғибадаттарын қол шапалақтау және ысқыру арқылы орындайтын болған. Олардың осы әрекеттерін Алла тағала сынап Құранда Әнфәл сүресінде былай дейді: «Олардың кағбадағы құлшылықтары тек ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді...»[1].
Сахаба Ибн Аббастың да айтуы бойынша, Ислам келмей тұрып құрайш тайпасының арабтары қол шапалақтап және ысқырып, кағбаны жалаңаш тауаф ететін[2].
Дегенмен, ысқырық қолдану кей жағдайларда қажет болып жатады. Әсіресе, қазіргі таңда ысқырық жол сақшылары мен әртүрлі спорт жаттықтырушыларының құралы болып есептеледі. Сондықтан да айтарымыз, керексіз жерде, жайшылықта ысқырып жүруді әдетке айналдырмаған жөн. Ең дұрысын Алла біледі!
Өзекті сұрақтар
■
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?
■
Зүлқарнайын деген кім? Александр Македонский ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?