Ұлтшыл болуға Ислам діні қалай қарайды?
Ұлтшыл болуға Ислам діні қалай қарайды?
9 жыл бұрын 10519

Ассәләмуғалейкум! Ислам діні ұлтқа бөлінуді және ұлтшыл болуды жақтайды ма? Жалпы бұл тұралы қасиетті Құран Кәрімде не делінген?

Уағалейкум әссәләм!
«Ұлтшыл» сөзі екі түрлі ұғымда қолданылуы мүмкін:

Біріншісі – ұлтжанды, ұлтының, отанының мүддесін жеке мүддесінен жоғары қоятын, азаматтық парызын жауапкершілікпен сезінетін. Бір сөзбен айтқанда «патриот».  Мұндай түсінікті шариғат құп көреді.

Екіншісі - өз ұлтын тәкаппарлықпен басқа ұлттан артық көруші, өзге ұлтты кемсітуші[1]. Яғни,  «нацизм». Ислам діні «нацизмге» қарсы. Мұндай түсінік қоғамда алауыздық тудырып, бейберекетсіздік жаяды, өзге ұлттардың құқығын таптауға алып келеді.  Осыны ескерген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.) үмметіне бұл мәселеге аса маңыз аударуға бұйырған. Алла елшісі өмірінің соңғы шағында жасаған қоштасу құтпасында: «Уа, адамдар! Алла жалғыз, бәріміз Адам атаның ұрпағымыз, ал Адам топырақтан жаратылған. Алла назарында құрметке лайық жан – Одан ең көп қорқатын адам.  Арабтың араб емеске үстемдігі жоқ. Адамдар бір-бірінен тақуа дәрежесіне қарай үстем бола алады» - деген болатын. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі: ұлтшыл

Абдусамат Қасым