Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім, түсінде ұлы немесе қызы қайтыс болғанын көрсе, нені білдіреді? Рахмет. Айша.
Түсінде ұлының, не, қызының қайтыс болғанын көрсе, ол нені білдіреді?
|
Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім, түсінде ұлы немесе қызы қайтыс болғанын көрсе, нені білдіреді? Рахмет. Айша.
Сәлеметсіз бе!
Кейбір мұсылманша түс жору кітаптарында келтірілген жорамалға қарағанда, түсінде баласының қайтыс болғанын көрген ата-ана өңінде дұшпанынан құтылады екен, ал қызының қайтыс болғанын көрсе, өңінде қайғыға батады дегенді білдірмек деседі. Бұл жерде қыз баласы бақыттың нышаны іспетті қаралып отыр, демек түсінде қайтыс болғандығын көруі қайғыға ишара болмақ екен1. Түсінде қызының дүние салуы, өңінде уайым мен қайғыға жетелейтін мәселелерге тап болатындығына ишара делінеді басқа бір кітапта2. Тағы бір жорамал бойынша түсінде баласының кенеттен бақилық болғанын көрсе, онысы - харам табысқа және бұзақылыққа ишара делінген де болжам бар.
Әйтсе де, баласының қайтыс болғандығы үнемі негативты натижеге жорамалдана бермейді, кейде оны позитивке жорушылар да кездеседі. Сондай түс жорушылардың бірінің жорамалына қарағанда, түсінде баласының қайтыс болып, соның қайғысына жылағанын көрсе, өңінде проблемалардан арылып, оңтайлы әрі пайдалы бір қызметке орналасатындығын білдіреді деген де бар3.
Ендеше, қарап тұрғаныңыздай әртүрлі жорамалды кездестіруге болады, сол себепті нақты айту қиын. Нақты тұсы сол, аталмыш түстің ұлыңыздың немесе қызыңыздың ұзақ өмір кешетіндігін меңзейді десек қателескен болмаймыз.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1 Ибн Сирин: «Исламда түс жору».
2 Ибн Шәһин, түс жору.
3 Наблуси.
Абдусамат Қасым