Ассаламуғалейкуму! Сұрайын дегенім, ағам темекіге жіберсе бару күнә емес пе, әлде бармауым керек пе? Сағындық.
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті Сағындық, ағаңыздың айтқанын тыңдағаныңыз жақсы, бірақ шариғатқа қайшы істерде емес. Шариғатқа қайшы істерді бұйырған жағдайда тыңдамауға болады. Темекінің мәселесіне келсек, қазіргі таңдағы дін ғалымдарымыз бір ауыздан темекінің харамдығына бәтуаласқан, сол себепті темекі шегу дінімізде күнә, ал оны біреуге алып келіп беру белгілі дәрежеде күнәға ортақтасқандық болмақ1. Сондықтан да, темекіге жіберсе «темекі алып келуім маған күнә болады» деп бармаған жөн. Күнә-сауапты түсінген мұсылман баласы ғой, ағаңыз түсінеді деген ойдамыз.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1«Күнә іс пен дұшпандықта бір-бірлеріңе жәрдемдеспеңдер». Құран, «Мәидә» сүресі, 2 аят.