Темекі сатудың үкімі қалай?
Темекі сатудың үкімі қалай?
2 сағат бұрын 25

Ассаламуалейкум! Кешірім сұраймын, темекі сату үкімі харам ба?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дәл шариғатпен айтқанда, қолданылуы харам болған затты сату да харам. Бүгінде темекіні «халал» дейтін дін ғалымы жоқтың қасы. Ендеше, қазіргі дін мамандары темекіні сату харам, (немесе харамға жақын мәкруһ), одан тапқан табыс адал емес дейді.