Тауығымды ит талап тастады. Бірақ оны бауыздап қан шығардық. Талаған өз итіміз. Енді сол тауықты жеуге бола ма? Жанабіл.
|
Тауығымды ит талап, тауықты сойып алдым, енді оның етін жеуге бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Құрметті сауал қоюшы, егер таланған тауықты жаны шықпай тұрып бауыздап үлгерген болсаңыздар, еті адал. Ал өліп қалғандай болса, ол арам өлген саналып, еті арам. Бұған қатысты Құранда: «...Жыртқыш аң жеген мал харам етілді, алайда бауыздап алған болсаңдар, ол басқа» - делінеді. («Маида» сүресі, 3). Осы аятта қасқыр, ит секілді жыртқыш аң тартып кеткен мал (не тауық) тірі болса, бауыздап алуға болатындығы айтылып тұр[1]. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Уә ахиру даъуәнә әнильхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Абдусамат Қасым
[1] Дамад Эфенди Абдуррахман Шейхизаде: «Мәжмәъуль-Әнһур». Китабус-Сойд. 4\266 бет.