Шаш пен тырнақты не істеген дұрыс?
Шаш пен тырнақты не істеген дұрыс?
10 жыл бұрын 21050

Шаш пен тырнақ мәселесі жайында ғалым Хафиз былай дейді: «Мен Имам Ахмедтен: «Адам алынған шашы мен тырнағын не істесін, оларды көму керек пе, әлде лақтырсын ба?» – деп сұрағанымда, Ол маған: «Көмсін. Өйткені, Әзіреті Омар оларды көметін. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз да: «Дуалаушылар дуалап тастамасын, шаш пен тырнақты көміңдер», – деген»[1]. Ендеше, алынған тырнақ пен шашты көмген ұнамды іс. Дегенмен, міндетті түрде көму шарт емес. Қоқысқа тастауға да болады. Тіпті, алынған шашты өртеп жіберсе де күнәсі жоқ. Бірақ, тырнақты көне көз қарияларымыз отқа тастамауды кеңес ететін. 

[1] Фатхуль Бари, либас, Тақлимуль Азфар.
Ескерту: Жоғарыда ұсынылған материал 2013 жылы muslim.kz сайтында жария етілген жазбамның аз-маз редакцияланып, қайта жарияланған түрі.

Абдусамат Қасым