Қол көтеріп амандасуға бола ма?
Қол көтеріп амандасуға бола ма?
5 жыл бұрын 4953

Ассаламу алейкум! Қол көтеріп амандасуға бола ма? Машинадағы,алыстағы адам қол көтеріп амандасса? Бақытжан Сармантаев

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Алыстағы адамға ауызша сәлемдесіп, қосымша қолды да көтерсе, оның күнәсі жоқ. Өйткені, Алла елшісі (с.а.у.) мешіттің ішінде отырған бір топ мұсылман әйелдердің жанынан өтіп бара жатып, қолымен ишара жасап амандасқан екен[1]. Ондағысы - сәлемдескендігін ұғындыру үшін.

Ал ауызша сәлемді айтпай, құр қолды ғана көтеруді Ислам ғалымдары құп көрмеген, себебі олай яһуди немесе христиан дін өкілдері амандасады. Бұған қатысты Пайғамбарымыз бір сөзінде былай дейді:

«Яһудилер мен христиандарға ұқсамаңдар. Шынында, яһудилердің сәлемдесуі – саусақпен ишара жасау, ал христиандардың сәлемдесуі – алақанмен ишара жасау»[2].[3].

[1] Имам Тирмизи: Сүнән - №2697 хадис.
[2] Имам Тирмизи: Сүнән.
[3] Имам ал-Асқалани: Фәтухуль бари. 3 баб. 6230 хадис түсіндірмесі.

Абдусамат Қасым