Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
3 күн бұрын 942

Әссәләму алайкум, құрметті ұстаз! Үйдің төріне қасқыр мен түлкі терісін іліп қою шариғатқа теріс пе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, араб тілінде жарық көрген кейбір жазбаларда қасқырдың иісінен жын-шайтандардың қашатындығы жазылған. Әрідесе, әртүрлі хайуанның бейнесіне ене алатын жындар - қасқырдың бейнесіне ене алмайтындығы да айтылады. Тіпті, қасқырдың жындарды жейтін қасиеті де бары келтірілген. Адамның көзіне көрінбейтін жындарды қасқырдың көзі дәл көреді екен. Ендеше, қазіргі таңда мәнін көбіміз білмесек те, ертеректе қасқырдың терісін жын-шайтандарды қуу мақсатында ілген болуы әбден мүмкін. Дейтұрғанмен, қасқырдың иісінен жындардың қашатындығының қаншалықты рас екендігі бір Аллаға аян және оған байланысты шариғи бір негіз жоқ. Сондықтан да, оны нақты солай деп айту қиын. Бұны да болжамның бір түрі деп қабылдау керек.

Ал шариғи тұрғыда аңның терісін іліп қоюға қатысты үкім кездестірмедік. Әйтсе де, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «ит пен сурет бар үйге періштелер кірмейді» деген хадисін назарға ала отырып, қасқыр немесе түлкі секілді жыртқыш хайуандардың бейнесі тұрған үйге періштелер кірмеуі мүмкін деп топшылауға болады, олай болған жағдайда төрге ілудің үкімі мәкруһ болмақ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббил ъаләмин!

 

Абдусамат Қасым