Ассаламуғалейкүм! Қандай кезде амандасуға болмайды? Мысалы Құранның бір аятын немесе хадис оқығанда амандасуға бола ма? Нұрқасым
Қандай кезде және кімдермен амандасуға болмайды?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сәлем беріп, амандасу Исламда сауапты амал. Пайғамбарымыз танығанға да, танымағанға да сәлем беруді кеңес еткен. Үкімі сүннет.
Бірақ, кейде керісінше сәлем беру мәкруһ болатын жағдайлар болады. Ондай жағдайларды ғалымдарымыз кітаптарында сайып өткен. Солардың кейбірін атап өтелік.
Мына жағдайларда сәлем беру, яғни амандасу мәкруһ:
- Намаз оқушыға (намаз оқып тұрғанға)
- Құран оқушыға
- Зікір етушіге (тәспих тартып, Алланы еске алып отырғанға)
- Уағыз айтушы мен оны тыңдаушыларға
- Хадис оқушыға (хадис оқып, хадис риуаят етіп отырған адамға)
- Ілімді қайталап отырғанға
- Қазылық жасап, үкім беріп отырғанға
- Бір мәселенің үкімін зерттеп, зерделеп отырғандарға
- Азан айтушыға
- Қамат түсірушіге
- Шариғи ілімді үйретіп отырған мұғалімге
- Әурет жері ашық адамға
- Әжетін өтеушіге
Мұндай жағдайларда сәлем берілген болса, сәлемге жауап беру міндет емес.
Сондай-ақ, төмендегі кісілерге де сәлем беру мәкруһ:
- Бөтен бойжеткендерге (танымайтын)
- Құмар ойынын ойнайтын адамға
- Арақ ішкіш адамға
- Күнәсін жария түрде жасаушы пасыққа
- Кәззәбқа
- Дін дұшпанына т.б.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ