Пингвиннің еті адал ма?
Пингвиннің еті адал ма?
4 жыл бұрын 7383

Пингвиннің еті халал ма? Жеуге болама айтынызшы! Үйде тоңазытқышта тұр еді.

Пингвин – құс тәріздестер отрядына жататын хайуан. Өмірінің көп бөлігі құрлықта өтеді. Қорегі – балық, су шаяны, краб т.б. су хайуандары. Ғылымда да, халық түсінігінде де ол «құс» ретінде есептелетіндіктен, тәбеті тартқан кісі үшін еті адал деуге негіз бар. Ақпараттарға қарағанда еті қатты, әрі майлы, дәмі қаз етіне ұқсас келеді деседі. Әсіресе кеуде етінің дәмі тауық етіне ұқсас екен. Оның етін көбінесе поляр зерттеушілері қорек ететінге ұқсайды.

Қорыта айтқанда, халал ма, харам ба, деген сұраққа «пингвиннің еті адал» деуге негіз бар. Өйткені, біріншіден – құс тәріздес. Екіншіден – жыртқыш құс ретінде саналмайды. Үшіншіден – тек балықтармен қоректенеді. Өлексе жемейді. Төртіншіден – зияндылығы анықталмаған. Таза. Әйтсе де, оның етін жеу, не жемеу мәселесінде әркімнің өз тәбеті шешетіндігі анық. Пингвин етін жеу әдеті көп елде жоқ.

Осы орайда, оны да құсты сойғандай, алдымен бисмилланы айтып, бауыздау керек. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым