Неге Құран оқығаннан кейін "Саффат" сүресінің соңғы үші аяты оқылады?
Неге Құран оқығаннан кейін  "Саффат" сүресінің соңғы үші аяты оқылады?
5 жыл бұрын 11128

Ассаләму алайкум! Құран оқыған кезде соңын Саффат сүресінің соңғы үш аятымен аяқтайды. Мұның сыры неде? Кеңінен түсіндірсеңіз!? Рахмет. Жеңіс.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Алла елшісінен жеткен бір «мүрсәл» хадисте былай делінеді:  

 مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَكْتَالَ بِالْمِكْيَالِ الْأَوْفَى مِنَ الْأَجْرِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ، فَلْيَقُلْ آخِرَ مَجْلِسِهِ حِينَ يُرِيدُ أَنْ يَقُومَ : سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ ، وَسَلامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«Кімде-кімді, қиямет күні сауап таразысы молынан тартылатындығы қуантса (үлкен сауапқа қол жеткізгісі келсе), отырысының ахырында орнынан тұрғысы келген сәтте былай деп айтсын: «Сүбхана Раббикә раббиль ғиззәти ғамма ясыйфун. Уә сәләмун аләль мүрсәлин. Уәлхамдулиллаһи раббиль аләмин»[1].

Бұл хадистің Әзіреті Алиден жеткен нұсқасында: «Намазын аяқтағаннан кейін оқысын» делінген[2].

Осыған орай, мұсылмандар Құран оқығаннан кейін немесе әлдебір дұға-зікір оқылғаннан кейін соңын «Саффат» сүресінің аталмыш үш аятын оқумен аяқтауды әдетке айналдырған.


[1] Әл-Хафиз Хажар әл-Асқалани: Нәтәижуль Әфкар.
[2] Абдурраззақ: әл-Мусаннаф; Әбу Наъим: Хулятуль Әулия.

Абдусамат Қасым