Мұсылманға құрамында "алкоголь" бар иіссуды қолдануға бола ма?
Мұсылманға құрамында "алкоголь" бар иіссуды қолдануға бола ма?
4 ай бұрын 1865

Құрамында алкоголь бар иіссуды қолдануға бола ма? (Масленный духи)

Құрметті сауал жолдаушы! Ханафи мәзхабының ереже-қағидатына сай айтқанда, этил спирттері жүзімнен немесе құрмадан жасалған болса, ол «нәжіс». Қолдануға болмайды. Ал өзге заттардан өндірілген спирттердің ішілуі харам болғанымен, сыртқы қолданысқа қолдануға болады. Бүгінде этил спирттері көбінесе бидайдан, картоп, қант қызылшасы және қант өндірісінің басқа да қалдықтарынан өндіріледі. Сол себепті, құрамында алкоголь, этиль спирттері бар иіссуларды себіну харам емес. Намазға және дәрет-ғұсылға зияны жоқ. Десе де, тақуалық тұрғысынан мұсылман кісінің спирті жоқ арнайы иіссуларды қолданғаны абзалырақ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Толығырақ біздің 191 нөмерлі жазбамызды оқысаңыздар болады (өту үшін нөмердің үстін басыңыз). Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым